Документы
KK

Құпиялылық саясаты

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) «AJR» веб-сайтын, мобильді қосымшасын және платформасын пайдаланатын пайдаланушылардың (бірлесіп және жеке-жеке бұдан әрі — AJR Қызметтері), оның ішінде ислам қаржыландыру шарттарын жасасу және орындау кезінде де жеке деректерін өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.

1.2. Жеке деректердің Операторы және Бақылаушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Ajr Finance Limited компаниясы (бұдан әрі — Компания) болып табылады.

1.3. Саясат АХҚО-ның жеке деректерді қорғау қағидаларына (AIFC Data Protection Regulations), «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Компанияның қызметіне қолданылатын бөлігінде), сондай-ақ ислам қаржыландырудың этикалық қағидаттарына (соның ішінде әділдік — ‘Адл пен сенім — Аманах қағидаттарын да қамтитын) сай әзірленген.

2. ӨҢДЕУДІҢ ЗАҢДЫ НЕГІЗДЕРІ

Компания Пайдаланушылардың жеке деректерін мынадай негіздердің кемінде біреуі болған жағдайда ғана жинайды және өңдейді:

  • Пайдаланушы деректерді жинауға және өңдеуге анық, саналы және өз еркімен келісім берген.
  • Жинау және өңдеу AJR Қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Шарттық міндеттемелерді (клиенттермен жасалатын ислам қаржыландыру шарттарын және жеткізушілермен жасалатын әріптестік келісімдерін қоса алғанда) мақұлдау, жасасу және орындау үшін қажет.
  • Деректер АХҚО-ның KYC/AML рәсімдеріне қатысты талаптарын орындау (клиенттер мен контрагенттерді тексеру, комплаенс және кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл) үшін міндетті түрде жиналады және өңделеді.

3. ДЕРЕКТЕР САНАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАРЫНША АЗАЙТУ

  • Сәйкестендіру және сауалнама деректері: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), азаматтығы.
  • Байланыс деректері: Ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (email), нақты тұратын және/немесе тіркелген мекенжайы.
  • Құжаттамалық деректер: жеке куәлікті, паспортты немесе өзге сәйкестендіргішті сканерлеу/фотосуретке түсіру, сондай-ақ жеткізушілер өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжаттар.
  • Биометриялық деректер: бет бейнесі, видео, дауыс, саусақ іздері, «тірілік» параметрлері (Liveness check / тұлғаны қашықтан верификациялау).
  • Қаржылық мәліметтер: Кірістер, транзакциялар туралы деректер және төлем қабілеттілігін бағалау үшін қажетті өзге мәліметтер.
  • Техникалық параметрлер: Құрылғы моделі, IP-мекенжай, браузер түрі, операциялық жүйе, кіру уақыты, геолокация.
  • Пайдаланушының қосымшадағы әрекеттері туралы деректер: тіркелу, логин, тұлғаны растау, өтінімдер беру, AJR Қызметтерінің интерфейсімен өзара іс-қимыл тарихы.

3.2. Барлық деректер тек Пайдаланушының келісімін алғаннан кейін ғана Пайдаланушыдан тікелей немесе ресми серіктестер (атап айтқанда, «Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС) арқылы жиналады.

3.3. Компания қаржылық қызметтер көрсетуге қатысы жоқ артық деректерді (контактілерге, жеке галереяға жасырын қол жеткізу немесе AJR Қызметтерінің интерфейсі шеңберінен тыс мінез-құлық факторлары) жинамайды.

4. ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТТАРЫ

Компания Пайдаланушылардың деректерін мынадай мақсаттарда жинайды және өңдейді:

  • Қызметтер көрсету және тіркеу: Клиенттерді сәйкестендіру және тауар/қызмет жеткізушілерін бастапқы верификациялау, жеке кабинетті құру және баптау, скоринг, Шарттарды мақұлдау және жасасу.
  • Маркетинг және хабардар ету: Пайдаланушыға жаңалықтар, арнайы ұсыныстар, жарнамалық материалдар, акциялар туралы ақпарат, AJR өнімдері мен Қызметтерінің жаңартулары туралы хабарламалар жіберу.
  • Байланыс және қолдау көрсету: Кері байланыс жасау, өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар, операцияларды растауға арналған SMS-кодтар жіберу, қолдау көрсету қызметіне келіп түскен сұрауларға жауап беру.
  • Аналитика: Веб-сайт және мобильді қосымша интерфейсінің жұмысын жетілдіру, дерекейсіздендірілген деректер негізінде статистикалық талдау және контентті бейімдеу.

Компания адамның қатысуынсыз құқықтық салдарға алып келетін толықтай автоматтандырылған скоринг шешімдерін қолданбайтынына кепілдік береді. Барлық негізгі шешімдерді Компанияның қызметкерлері қабылдайды.

5. ХАБАРДАР ЕТУ, ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ КЕЛІСІМДІ БІЛДІРУ НЫСАНЫ

5.1. Мобильді қосымшада немесе Компанияның сайтында тіркелу, өтінім беру, тұлғаны бастапқы верификациялау немесе ислам қаржыландыру шарттарын жасасу кезінде Пайдаланушыға қызметтер көрсету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оның жеке және биометриялық деректері жиналып, өңделетіні туралы хабарлама жіберіледі.

5.2. Қызметті іске қосу немесе сәйкестендіруді талап ететін функцияларды пайдалану алдында Пайдаланушыға осы Саясатқа сәйкес жиналатын деректердің мақсаттарын, құрамын және көлемін, сақтау мерзімдерін және ықтимал алушыларды сипаттайтын мәтіндік хабарлама беріледі.

5.3. Пайдаланушы AJR Қызметтерінің интерфейсінде «Келісемін» / «Жалғастыру» / «Қабылдау» / «Акцептеймін» түймесін басу (немесе чекбоксқа сәйкес белгі қою) арқылы жеке және биометриялық деректерді жинауға және өңдеуге, соның ішінде оларды «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ге (БКБ) және басқа уәкілетті ұйымдарға беруге және олардан сұратуға өзінің толық, өз еркімен және саналы келісімін білдіретінін растайды.

5.4. Компания Пайдаланушыға оның деректерін пайдалануға, тұлғасын растауға, Құпиялылық саясатының өзгеруіне, техникалық жаңартуларға немесе қауіпсіздік мәселелеріне қатысты хабарламалар жіберуге құқылы. Мұндай хабарламалар push-хабарлама, SMS, электрондық пошта (email) түрінде немесе AJR қызметтерінің ішінде жіберілуі мүмкін.

6. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

6.1. Ислам қаржыландыру шарттарын жасасу және орындау шеңберінде Компания Пайдаланушының қажетті жеке деректерін үшінші тұлғаларға: сипаттамаларды, бағаларды растау, жеткізуді ұйымдастыру және мүлікті немесе қызметтерді пайдалану құқықтарын тіркеу мақсатында тауар мен қызметтердің уәкілетті жеткізушілеріне, дилерлерге немесе активтердің меншік иелеріне беруге құқылы.

6.2. Төлем қабілеттілігін бағалау, тәуекелдерді басқару және заңнама талаптарын орындау мақсатында Компания Пайдаланушы туралы ақпаратты «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ден (БКБ) және басқа заңды көздерден жинауға (сұратуға), сондай-ақ жасалған ислам қаржыландыру шарттары, міндеттемелердің көлемі мен орындалу мерзімдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БКБ-ға беруге құқылы.

7. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Пайдаланушылардың барлық жеке және биометриялық деректері осы Саясатта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде ғана, ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына (ISO/IEC 27001, PCI DSS қоса алғанда) сай сертификатталған және Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе АХҚО аккредиттеген деректер орталықтарында орналасқан серверлерде қорғалған техникалық құралдар мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, Компанияның орталықтандырылған электрондық деректер базасында сақталады.

7.2. Шарттарды орындау және АХҚО мен Қазақстан Республикасы заңнамасының KYC/AML талаптарын орындау үшін жиналатын деректер шарттық міндеттемелердің қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін 5 (бес) жыл бойы (қаржылық құжаттарды мұрағаттық сақтаудың халықаралық стандарттарына сәйкес) сақталады.

7.3. Маркетингтік, ақпараттық және коммуникациялық мақсаттарда жиналатын және өңделетін деректер Пайдаланушы келісімін кері қайтарғанға дейін немесе AJR Қызметтерінің қызметі тоқтатылғанға дейін сақталады.

7.4. Өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенде, заңда белгіленген мерзімдер өткенде немесе Пайдаланушы келісімін кері қайтарған жағдайда (сақтауға өзге заңды негіздер болмаса), деректер қайтарымсыз жойылуға немесе дерекейсіздендірілуге жатады.

8. ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

8.1. Компания жеке деректерді заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жойылудан, өзгертілуден, бұғаттаудан немесе көшірмеленуден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

8.2. Деректер базасына қол жеткізу тек шектеулі тұлғалар шеңберіне — функциялары Пайдаланушыларды сәйкестендіруді, верификациялауды және қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тікелей байланысты Компания қызметкерлері мен мердігерлеріне беріледі. Осындай барлық тұлғалар тексерістен және нұсқаулықтан өтеді және құпиялылық режимін сақтау үшін жеке жауапкершілік көтереді.

8.3. Ақпарат алмасудың қауіпсіздігі заманауи шифрлеу хаттамаларын (SSL/TLS, ал БКБ инфрақұрылымымен — TLS 1.3) қолдану, қол жеткізуі шектелген қорғалған серверлерді пайдалану, көпфакторлы аутентификацияны (MFA) енгізу, оқиғалар журналын жүргізу (логирлеу), антивирустық қорғаныс және осалдықтарды тұрақты тестілеу арқылы қамтамасыз етіледі

8.4. Компания АХҚО регламенттеріне сәйкес жеке деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін үшінші елдерге деректерді бермейтініне және сақтамайтынына кепілдік береді. Деректерді халықаралық тасымалдауға тек АХҚО-ның Деректерді қорғау басқармасы (AIFC Data Protection Office) мақұлдаған юрисдикцияларда, немесе Standard Contractual Clauses негізінде ғана жол беріледі.

8.5. Компания деректер базасының сақталуы үшін өз құзыреті шегінде заңды жауапкершілік көтереді, бірақ егер зиян Компания барлық техникалық қорғау шараларын сақтаған жағдайда үшінші тұлғалардың (хакерлердің) заңсыз әрекеттері нәтижесінде, Пайдаланушының өз абайсыздығы (парольдерді үшінші тұлғаларға беру) нәтижесінде немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан туындаса, одан босатылады.

9. ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛДІКТЕРІ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУДІ ШЕКТЕУ

9.1. Компания Пайдаланушылардың жеке және биометриялық деректері коммерциялық мақсатта сатылуға, айырбасталуға немесе таратылуға жатпайтынына кепілдік береді. Деректерді кез келген өңдеу тек ислам қаржыландыру қызметтерін көрсету және тұлғаны заңды негіздерде верификациялау мақсатында жүзеге асырылады.

9.2. Пайдаланушының келісімінсіз деректерді үшінші тұлғаларға беруге, ислам қаржыландыру шарттарын орындау, «Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС-мен (БКБ) ақпарат алмасу жағдайларын немесе құзыретті мемлекеттік органдар мен соттардың ресми сұрауларын қоспағанда, қатаң тыйым салынады. Барлық серіктестер деректерді қорғау деңгейін Компанияның өз стандарттарынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

9.3. Компания АХҚО регламенттеріне сәйкес жеке деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін елдерге деректерді бермейтініне және сақтамайтынына кепілдік береді. Деректерді халықаралық тасымалдауға Пайдаланушының нақты келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

9.4. Деректердің ағып кетуі немесе оларға рұқсатсыз қол жеткізу фактісі анықталған жағдайда, Компания оқиғаны шектеуге, тергеу жүргізуге, сондай-ақ 72 сағат ішінде АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу комитетіне (AFSA), ҚР уәкілетті органдарына және зардап шеккен Пайдаланушыларға хабарлауға міндеттенеді. Пайдаланушыға жіберілетін хабарламада тәуекелдер, бұзылған деректердің тізбесі және аккаунтты қорғау бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

9.5. Пайдаланушылардың деректер базасы Компанияның қорғалатын меншігі болып табылады. Компания оның сақталуы үшін заңды жауапкершілік көтереді, бірақ егер зиян хакерлердің әрекеттері салдарынан (Компания барлық техникалық қорғау шараларын сақтаған жағдайда), Пайдаланушының өз абайсыздығы (парольдерді үшінші тұлғаларға беру) салдарынан немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан туындаса, одан босатылады.

10. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ АХҚО ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТАРЫ (AIFC RIGHTS)

10.1. AIFC Data Protection Regulations-ге сәйкес, Пайдаланушының мынадай құқықтары бар:

  • өзі туралы қандай деректер сақталатынын білуге және олардың көшірмесін алуға;
  • дәл емес немесе ескірген деректерді түзетуді талап етуге;
  • деректер өңдеу мақсаттары үшін қажет болмай қалса, оларды жоюды талап етуге (Компанияның заң бойынша мұрағаттық қаржылық міндеттемелерін қоспағанда).
  • маркетингке, коммуникацияға немесе биометрияны жинауға берілген келісімін кез келген уақытта (қосымша баптаулары арқылы немесе қолдау көрсету қызметіне жүгіну арқылы) кері қайтаруға.

11. ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ (DATA PROTECTION OFFICER)

11.1. Компанияда жеке деректерді өңдеу мен қорғауды ұйымдастыруға жауапты, Пайдаланушылардың құпиялылығының сақталуын бақылайтын жауапты тұлға тағайындалған.

11.2. Құқықтарды жүзеге асыруға, маркетингке келісімді кері қайтаруға немесе осы Саясатты түсіндіруге қатысты барлық сұраулар мына мекенжайға жіберілуі тиіс: info@ajr.kz. Компания сұрауды 30 күнтізбелік күн ішінде қарауға міндеттенеді.

12. САЯСАТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

Компания осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Елеулі өзгерістер енгізілген жағдайда, Компания өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 10 күн бұрын Пайдаланушыларды Қосымша интерфейсі арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабардар етеді.

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

Мен, AJR Қызметтерінің Пайдаланушысы ретінде (жеке тұлға-клиент немесе тауар және қызмет жеткізушісінің заңды өкілі/қызметкері ретінде) әрекет етіп, өз еркіммен, ықтиярымен және өз мүддемде Деректердің Операторы және Бақылаушысы — Ajr Finance Limited компаниясына (АХҚО, Астана қ.), бұдан әрі — Компания, менің жеке және биометриялық деректерімді мынадай шарттарда жинауға, өңдеуге, сақтауға және қорғауға анық, саналы және өз еркіммен келісімімді беремін.

  • Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (email), нақты тұратын және/немесе тіркелген мекенжайы, азаматтығы, құжаттамалық деректер (жеке куәліктің немесе паспорттың фотосуреті/сканы), биометриялық деректер (бет бейнесі, видео, дауыс, саусақ іздері, «тірілік» параметрлері Liveness check), құрылғының техникалық деректері (моделі, IP-мекенжайы, браузер түрі, геолокация, кіру уақыты) және AJR қосымшасындағы менің әрекеттерім туралы деректер.

2. Жинау және өңдеу мақсаттары:

  • Тіркелу, тұлғаны бастапқы верификациялау, жеке кабинетті құру және AJR Қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
  • АХҚО заңнамасының талаптарына сәйкес скоринг, комплаенс-бақылау және KYC/AML тексерулерін жүргізу.
  • Ислам қаржыландыру шарттарын және жеткізушілермен ынтымақтастық туралы келісімдерді мақұлдау, жасасу және орындау.
  • Платформада клиенттер мен тауар/қызмет жеткізушілері арасындағы операциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
  • Қызметтік, транзакциялық, құқықтық хабарламаларды, сондай-ақ (жеке келісім болған жағдайда) Шариғаттың этикалық стандарттарына сай маркетингтік материалдарды жіберу.

3. Осымен мен Компанияға мынадай әрекеттерге анық келісімімді беремін:

  • Тәуекелдер мен төлем қабілеттілігін бағалау мақсатында мен туралы, менің кредиттік тарихым, кірістерім және міндеттемелерім туралы ақпаратты «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ден (БКБ) және басқа заңды көздерден сұрату және алу.
  • Заңнама талаптарына сәйкес менің ислам қаржыландыру шарттары бойынша міндеттемелерім, олардың көлемі және орындалу мерзімдері туралы мәліметтерді «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ге (БКБ) беру.
  • Сипаттамаларды, бағаларды растау, жеткізуді ұйымдастыру және менің пайдалану құқықтарымды тіркеу мақсатында қажетті сәйкестендіру және байланыс деректерін AJR Қызметтерінде тіркелген тауар және қызмет жеткізушілеріне, дилерлерге немесе активтердің меншік иелеріне беру.
  • Ислам лизингінің (Иджара) нысанын Шариғат стандарттарына сәйкес міндетті немесе ерікті сақтандыру мақсатында қажетті деректерді ислам сақтандыру (Такафул) ұйымдарына беру.
  • Құжаттардың шынайылығын қашықтан тексеру, биометриялық сәйкестікті тексеру және тәуекелдерді бағалау үшін деректерді KYC/AML қызметтерінің провайдерлеріне және кредиттік бюроларға беру.
  • Тек заңды және ресми сұраулар бойынша ақпаратты сот, құқық қорғау және реттеуші органдарға, соның ішінде АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу комитетіне (AFSA) беру.

4. Сақтау мерзімдері мен орны. Деректер Қазақстан Республикасының аумағында физикалық орналасқан қорғалған серверлерде Компанияның электрондық деректер базасында менің Компаниямен жасалған шарттарымның қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін 5 (бес) жыл бойы (АХҚО қаржы заңнамасының KYC/AML мұрағаттық талаптарына сәйкес) сақталады.

Пайдаланушы Компанияға өзінің жеке деректерін (міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде) мынадай үшінші тұлғаларға беру құқығын береді:.

5. Келісімді кері қайтару. Мен осы Келісімді кез келген уақытта кері қайтаруға құқығым бар екені туралы хабардар етілдім. Маркетингтік жіберілімдерден бас тарту профиль баптаулары арқылы немесе «Жазылымнан бас тарту» түймесі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қызметтері үшін деректерді өңдеуге келісімді толық кері қайтару жазбаша сұрауды мына электрондық мекенжайға жіберу арқылы жүзеге асырылады: info@ajr.kz (бұл ретте Компания заңда белгіленген 5 жылдық мұрағаттық мерзім өткенге дейін деректерді сақтауды жалғастыруға құқылы екенін ескере отырып).